BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Қытайда 65 адам әлеуметтік желідегі алаяқтық үшін түрмеге қамалды

Фото: Podrobnosti

Қытайдың солтүстік бөлігіндегі Нинся-Хуэй автономиялық ауданындағы Гуюань қаласында халықтық сот 65 адамды әлеуметтік желі мен танысу сайттарындағы алаяқтық әрекеті үшін 14 жылға дейін бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап.

Тергеу материалдарына сәйкес, әлеуметтік желі мен танысу сайттарын қолданатын жалғызбасты адамдар алаяқтардың құрбаны болған. Алаяқтар өзін жаны жабырқап жүрген, өмірлік серік іздеген әйел ретінде таныстырып, құрбандарынан кездесу үшін пойыз, ұшақ билеттеріне немесе басқа да қажеттіліктері үшін ақша сұрап, қалталарын қағып отырған.

2016 жылдың қаңтар айы мен желтоқсан айы аралығында олар 130 адамды алдап, 9,2 миллион юаньнан астам (шамамен 1,4 миллион доллар) пайда тапқан.

Алаяқтар тобының басшысы 14 жылға бас бостандығынан айырылып, 100 мың юань көлемінде (шамамен 16 мың доллар) айыппұл төлейді. Ал қалған 64 алаяқ кінәсінің дәрежесі мен ауырлығына байланысты әртүрлі мерзімге, ең ұзағы 12 жылға бас бостандығынан айырылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер