BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Қытай Жаңа жылында өрттен 51 адам қайтыс болды

Фото: radiohuancavilca.com.ec

Қытайда Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылдық мереке кезінде өрт салдарынан 50-ден астам адам қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Риа Новости сайтына сілтеме жасап.

16 ақпан күні түнде Қытай халқы «Чуньцзе» (Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл, Көктем фестивалі) мерекесін тойлады. Жаңа жыл мерекесін тойлау Шамдар фестивалінен (Юаньсяоцзе) кейін аяқталады. Ал, Қытайдағы ресми жаңажылдық мереке 22 ақпанда аяқталды.

15-22 ақпан аралығында Қытайда 12 мыңнан астам өрт болған. Онда 51 адам қайтыс болып, 9 адам жарақаттанған. Сондай-ақ, өрттің саны өткен жылмен салыстырғанда 12,8% төмендеген.

Экономикалық залал 57 миллион юаньға (шамамен 9 миллион доллар) бағаланып отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер