BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Си Цзиньпиннің өмір бойы басқаруы келіспеушіліктер туғызуы мүмкін – сарапшы

Кеше Қытай Парламенті ел Конституциясына бірнеше өзгеріс енгізді, соның бірі – президент Си Цзиньпиннің белгісіз мерзімге тақта отыра беруіне рұқсат береді. Бұған дейін 2 рет қатар 5 жылдан президент ел басқаруға сайлануға құқылы болса, енді бұл шектеу алынып тасталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап.

Конституцияның жаңа бабы үшін Пекиннің Үлкен залында Жалпықытай ұлттық өкілдерінің 3000 делегаты дауыс берді. 2964 бюллетеньнен бұл өзгеріске тек екі-ақ адам қарсы болған және үш өкіл дауыс беруден түбегейлі бас тартқан. Яғни, қарсы тараптың өте аз болғаны анық.

Қазір билікте отырған коммунистік партия бұл өзгерісті енгізу туралы ұсыныстарын 25 ақпанда жариялады. 64 жастағы Си - кезінде ел басқарған басшылардың ішінде Мао Цзэдуннан кейінгі халық жақсы көретін тұлға. Сондықтан болар, Конституцияға мұндай өзгеріс енгізуді көпшілік «партия мен халықтың ортақ қалауы» деп атады.

Ал сарапшылар өзге пікірде. China Youth мемлекеттік газетінің экс-редакторы Ли Датонг: «Си осы шешім арқылы өзіне үлкен шұңқыр қазып отыр. Жоғарғы басшының шексіз билігі Қытайдың саяси ұстанымы үшін өте маңызды. Саясатта келіспеушіліктер тудыруы мүмкін, сондықтан да қауіпті қадам», - дейді ол.

Қытай Ата заңдарына енгізілген тағы бір өзгеріс - вице-президент билігінің шексіздігі. Сарапшылар бұл қызметке Қытай жемқорлықпен күресу агенттігінің бұрынғы басшысы Ван Цишань келеді деп болжап отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер