USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Қытай «Шэньчжоу-11» басқарылатын ғарыш кемесін ұшырды

Бортында екі ғарышкері бар кеме орбита зертханасында 1 ай болады. «Шэньчжоу» ғарыш кемесінің сәтті ұшырылғаны туралы хабарды естіп, шын жүректен осы миссия бойынша жұмыс істеген қызметкерлер мен ғарышкерлерді құттытаймын», – деп айтылған ҚХР көшбасшысы Си Цзиньпиннің хабарламасында.

Қытай басшысы 30 күндік миссия ел тарихындағы рекордтық жағдай екенін айтып, ғарыш бағдарламасы аясында Қытайды маңызды прогрестер күтіп тұрғанын жеткізді.

«Барлығы осы бағытта жұмыстарын жалғастырып, қойылған талаптар мен міндеттемелерді орындайды деп сенемін. Бұл бізге Қытайдың космосты бағындырып, ғарыштық держава құруға мүмкіндік береді», – деді Си Цзиньпин.

khabar.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады