BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қытай өзі жасақтап шығарған алғашқы ұшақ тасығышты сынақтан өткізуді бастады

Фото: Reuters

Қытай өзі жасақтап шығарған алғашқы ұшақ тасығыштың қабілетін сынақтан өткізе бастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметі бойынша, 13 мамырда ұшақ тасығыш Далянь кеме жасайтын зауыттан шығарылып, тестілік зерттеуге жіберілді. Атап өтілгендей, кемені сынақтан өткізу барысында бірінші кезекте энергожүйесінің және өзге де құралдардың тұрақтылығын тексеру көзделген. Оның жүзу сапары қанша уақытқа созылатыны белгісіз.

001A жобасының екінші қытайлық ұшақ тасығышы 2017 жылы сәуір айында суға жіберілді. Атап өтсек, ол осы санаттағы алғашқы қытай кемесі болды. Жалпы, кеменің құрылысы 2013 жылдан бастап жүргізілді. Бүгінде ол 2020 жылы кешенді тапсыру сынақтары өткізілгеннен кейін әскери флоттың құрамына енеді деп күтілуде.

Қазіргі таңда Қытайдың әскери-теңіз күшінде «Ляонинь» ұшақ тасымалдаушысы бар. Ол 1990 жылдың соңында Украинадан сатып алынған «Варяг» бұрынғы кеңестік ауыр ұшақ тасымалдаушы крейсердің базасында жасалған.

001A жобасы «Ляонинь» үлгісінде жасалды, алайда оның көлемі бірнеше есе үлкен және бірқатар құрылымдық өзгерістері бар. Екі кеме де старттық трамплиндермен жабдықталған, олар сәйкесінше 14 және 12 градуста иіледі. Қозғалтқыш қондырғысының типі – бутурбиналы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер