BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қырғызстанның вице-премьері қаза болған жол апаты жайлы тың деректер шықты  

Қырғызстанның вице-премьері Темір Жұмақадыров қаза болған жол апаты жайлы тың деректер жарияланды. Kaktus.media редакциясының журналисі оқиға орнына барып қайтыпты.

Белгілі болғандай, вице-премьер-министрдің Toyota Land Cruiser көлігі апат болған жерден әкетілген. Жүк иесі тауарды басқа КамАзға тиеп жатыр.

Милиция қызметкерлерінің айтуынша, КамАЗдың күрт бұрылып, қарсы жолаққа шығып кетуіне қарсы алдынан шыққан өзге автокөлік себеп болған. КамАЗ жүргізушісі апаттың алдын алу үшін қарсы жолаққа бұрып жіберіп, вице-премьер-министрдің көлігімен соғысып қалған. Өкініштісі, куәгерлердің ешқайсы аталған автокөліктің маркасы мен мемлекеттік нөмірін есінде сақтап қалмапты.

Қырғызстан ІІМ аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Олардың мәліметінше, барлық қажетті сараптама тағайындалды, КамАЗ жүргізушісінен жауап алынуда.

Естеріңізге сала кетейік, апат бүгін шамамен сағат 7.30-да болды. Милицияның мәліметінше, Toyota Land Cruiser көлігі КамАЗбен соғысқан. Жантүршігерлік апат салдарынан жол талғамайтын көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы көз жұмды. Көлікте вице-премьер-министр Темір Жұмақадыров пен оның көмекшісі Нұрлан Жамбыршиев болған екен. Олар Президент сайлауына дайындықты тексеру үшін Таласқа бара жатқан.

Вице-премьердің артында жұбайы мен төрт баласы қалды.

Айта кетейік, президент сайлауы 15 қазанда өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер