BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қырғызстанда I’m Nomad халықаралық жастар форумы өтеді

Бішкекте "I’m Nomad" ("Мен - көшпендімін") деген атпен халықаралық жастар форумы өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

22 маусымда өтеді деп жоспарланған іс-шара биыл күзде Қырғызстанда өтетін III Дүниежүзі көшпенділер ойынын қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Оған қырғызстандық шоу-бизнес өкілдері, әлеуметтік сала жұлдыздары мен 500-ден астам шетелдік қонақтар шақырылады деп жоспарланып отыр.

Орталық Азиядағы Америка университетінде өтетін жиынды Дүниежүзі көшпенділер ойыны хатшылығы ұйымдастырып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, III Дүниежүзілік көшпенділер ойыны биылғы жылы 2-8 қыркүйекте Қырғызстанның Ыстық көл аймағында өтеді деп жоспарланған. Әлемнің 80-нен астам елінен келетін үш мыңдай спортшы ұлттық спорттың 36 түрінен күш сынасатын болады. Аталған әлемдік доданы жер-жаһанға тарату үшін 50 мемлекеттен 500-дей журналист келіп, ақпарат тарататыны айтылған болатын.

Аталған дүниежүзілік ойын кезінде Халықаралық тұрақты алтайтану жиынының 61-отырысы Бішкек және Чолпон-Атада өтетіні белгілі болды. Бұл жолы жиын барысында көшпенділердің ұлттық ойындарының шығу тарихы, өркендеуі және сақталуы және қазіргі даму барысы туралы сөз қозғалады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер