USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Қырғызстанда «Хизб ут-тахрир» ұйымы әйелдер қанатының жетекшісі ұсталды

Қырғыздың Ош қаласында «Хизб ут-Тахрир» діни экстремистік ұйымының әйелдер қанатының жетекшісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мамандар Қырғызстанда радикалдық ниеттегі діндарлар арасында әйелдер көп екенін атап өтті.

centralasian.org-тың дерегінше, 33 жастағы Шаира 2015 жылы жазда Сирияға бара жатқан жолда, Ош-Стамбул рейсінде ұсталды. Сол кезде үш азамат Сирия мен Иракқа адамдар жіберу жұмыстарымен айналысқан деген күдікпен қамауға алынған еді. Шаира осы іске куәгер ретінде тартылған болатын. Дәлел болмаған соң, сол жолы оны жауапкершілікке тартпаған. Содан бері ол бақылауда болды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметінің басшысы Бақыт Сейітова.

«Жақында ол әйелді ІІМ-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері ұстады. Ол "Ислам мемлекеті" және "Жамаат ат-Таухид валь-Жихад" тобын насихаттап, үнпарақтар таратып жүрген жерінде қолға түсті. Оның үйін тінту кезінде діни-экстремистік кітаптар мен дискілер табылды. Материалдарға теологиялық сараптама жасалды, соның нәтижесінде 18 қарашада қылмыстық іс қозғалды. Бұған қоса, ол Қырғызстандағы "Хизб ут-Тахрир" діни экстремистік ұйымының әйелдер қанатын басқарғаны анықталды».

ТМД-ға мүше елдердің Антитеррористік орталығының хабарлауынша, радикалдық ниеттегі әйелдер саны 24 пайызға өскен. Олардың арасында Қырғызстан әйел азаматтары да бар. Бақылаушылардың пікірінше, бұған әйелдермен жұмыс істейтін ресми бірлестктердің жоқтығы себеп болуы мүмкін.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады