USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Қырғызстан мен Өзбекстан шекара жөніндегі хаттамаға қол қойды

2016 жылы 5-14 қазан аралығында Әндіжан және Ферғана қалаларында қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау жөнінде Қырғызстан мен Өзбекстанның үкіметтік делегацияларының кездесулері өтті.

Өзбекстанның сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, кездесу барысында Өзбекстанның Наманган, Әндіжан және Ферғана облыстарының Қырғызстандағы Жалалабад, Ош және Баткен облыстарымен шекаралас жатқан 55 учаске зерттелді.

Келіссөздер нәтижесінде тараптар хаттамаға қол қойды.

Хабарларға қарағанда, қырғыз-өзбек кездесулері достық қарым-қатынаста өтті.

centralasian.org

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады