BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Қырғыз вице-министрімен дауға қатысты жаңа мәлімет тарады

Фото: Вaq.kz иллюстрациясы

Қырғызстанның СІМ Корея Республикасындағы елші Кылычбек Султанға дипломатиялық этика нормаларын бұзды деген айып тақты, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

СІМ хабарлауынша, елші қырғызстандық шенеуніктің рейске отырғызылмауына қатысты деректерді елге жариялаған.

Айта кетсек, сенбі күні БАҚ Қырғызстанның еңбек және әлеуметтік даму вице-министрі «Эйр Астана» ұшағының бортында жанжал туғызды деген мәлімет таратты.

Куәгерлердің айтуына қарағанда, вице-министр «өзін дұрыс ұстамай, борт серіктеріне қарсы шыққан және дипломатиялық паспортын көрсеткен». Осы оқиғадан кейін дәл сол күні Қырғызстан премьер-министрі Каденованы жұмыстан шығару туралы қаулыға қол қойды деген ақпарат шықты.

Кеше Кореядағы қырғыз елшісі Кылычбек Султан Бішкекке келіп, пресс-конференция өткізді. Ол министрдің орынбасарына қатысты оқиғаның мән-жайын жария етті.

Елшінің айтуынша, оған Қырғызстан президентінің әкімшілігінен біреу шенеунікке байланысты жағдайдың нақты деректерін жарияламау туралы талап етіп қоңырау шалған. Сонымен қатар, Кылычбек Султан СІМ басшылығы мен 2015-2016 жылдары Малайзияға елші болған кездегі Қырғызстан елшілігі қызметкерлерінің қызметін бұзған фактілерін де айтты.

Ал Қырғызстан СІМ Кылычбек Султан «мемлекеттік қызметшілердің қызметі мен мінез-құлқының ережелерін, сонымен қатар дипломатиялық этиканың қарапайым нормаларын реттейтін заңнаманың қағидаларын тағы да бұзды» деп айыптады. Ведомсто елші тарапынан қызметтік бұзулар бар және «тексеруден кейін құзырлы органдарға жіберіледі» дегенді қосты.

«Султанды аталған бұзулар осындай әрекетке итермелегенін де жоққа шығармаймыз. Осы жағдайды ескере отырып, министрлік ел басшылығына Султанның қазіргі лауазымын одан әрі атқаруын қарастыру туралы ұсыныс жіберуі мүмкін», - деп хабарлады СІМ.

Кылычбек Султан 24.kg басылымына СІМ-нің мұндай әрекетін күткенін айтты.

«Мен пресс-конференцияда жемқорлық туралы менің хабарламамнан кейін мені не жұмыстан босату керек, не марапаттау керек екенін айтқан болатынмын. Мемлекет басшысының жауабын күтеміз. Бірақ мен жемқорлық туралы ашық айтуға шақырған президент Сооронбай Жээнбеков қолдайтынын білемін. Оның айтқанын тыңдап, еліміздің сыртқы саясатына жауапты ведомствода болып жатқан бұзушылықтар туралы халық алдында айттым», - деді елші.

Дипломат қазір Сеулде – өзінің жұмыс орнында екенін жеткізді. Ол «Оңтүстік Кореяда елшіні нон грата тұлғасы ретінде жарияламақ» деген қауесетті «ақылға қонымсыз» деді.

Еске сала кетсек, Еңбек және әлеуметтік даму вице-министрі Зууракан Каденова лауазымынан босатылды. Тиісті қаулыға Қырғызстанның премьер-министрі Мұхамедқали Абылғазиев қол қойды. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары жазғандай, 22 қыркүйекте Сеул әуежайында жанжал туғызғаны үшін Еңбек және әлеуметтік даму вице-министрі Зууракан Каденова рейске отырғызылмаған.

"Эйр Астана" компаниясы Қырғызстанның бұрынғы вице-министрін Сеул-Алматы рейсіндегі ұшақтан неліктен түсірілгені туралы мәлімдеме жасады.

Сонымен қатар, Қырғызстанның бұрынғы еңбек және әлеуметтік даму вице-министрі Зууракан Каденова не ішкенін айтып берген болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер