BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Қырғызстан президенті қарапайым ұшаққа отырып, қошеметке ие болды

Фото: скрин

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Ош қаласына кәдімгі рейспен ұшты. Ұшақ бортындағы жолаушылар оған қошемет көрсетті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қырғыздардың танымал жүргізушісі Нұрсұлтан Майназаров өзінің Instagram парақшасына видео салып көрсетті. Видеода шоумен ұшақ ішінде орнынан тұрып, өздерімен бірге ел президенті ұшып бара жатқанын айтады.

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі Sputnik басылымына ақпаратты растады.

«Президент Ош қаласына отбасылық жағдайына байланысты ұшты. Ол өзінің қайтыс болған ағасының жылдық асына барды», - делінген хабарламада.

A post shared by Nursultan Mainazarov (@nursultan_mainazarov) on


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер