BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Қырғыз бешбармағы Гиннестің рекордтар кітабына кіруі мүмкін

Фото: Азаттық

Қырғызстанда 1 тонна 464 кг бешбармақ пен 117 метр шұжық жасау үшін қырықтан астам аспаз, жүзден астам еріктілер тартылған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Азаттыққа сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылардың бірі Элнура Кулуеваның айтуына қарағанда аталған бешбармақты Гиннестің рекордтар кітабына кіргізу талаптары бойынша Гиннес кітабына енгізу сараптама комиссиясының екі өкілін шақырып, бешбармақты дайындау барысы бейнеленген видеоны жолдау керек.

"Егер өкіл шақырсақ, олардың әрбіріне 10 мың доллардан гонорар төлеп, виза аштырып және жол ақыларын қоса есептегенде әрқайсысына 16 мың доллардан төлеуіміз керек болды. сондықтан біз олардың екінші талабын - бешбармақты дайындау барысының бәрін видеоға түсіріп, соны ағылшын тіліне аударып, соны жолдауды дұрыс көрдік. Соған сәйкес біздің қатарымызға танымал он БАҚ, Швециядан келген екі аспаз куә болып, солардың қатысуымен жылқы сойылғаннан бастап, барлық жағдай арнайы видеоға түсірілді. Құдай бұйырса "Арт" студиясы дайындаған бұл видео бір-екі күннің ішінде Гиннеске жолданатын болады" - дейді Элнура Кулуева

Оның айтуына қарағанда бұл бешбармақ Гиннестің кітабына кіру үшін барлық талаптарын сақтап отырып жасалған.

Аталған ас үшін 8 жылқы сойылып, одан 1,5 тоннаға жуық ет пысырылған. 150 литрлік 12 тайқазан орнатылып, ішек-қарнын тазалауды "Қырғыз тілектестігі" қоғамдық бірлестігі, "Ак элечек", "Ак калпак", "Аю Гранд Комфорт" фирмасының өкілдері ұйымдастырды.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Астанада 736 кг бешбармақ дайындалып, Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер