BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 431.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Ким Чен Ын Трампты араздықты тоқтатуға көндіргенін айтты

Фото: korrespondent.net

Солтүстік Кореяның баспасөз басылымы КХДР-дың көшбасшысы АҚШ президентімен келіссөздер жүргізгенін жазды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

КХДР-дың көшбасшысы Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөз барысында екі тарап та әскери араздық әрекеттерді тоқтату керек екенін айтты және америкалық президент бұл ұсыныспен келісті.

«Құрметті бас қолбасшымыз бейбітшілік пен тұрақтылық болу үшін екі тарап та әскери дұшпандық әрекеттерді тоқтату керектігін айтты. АҚШ президенті бұған түсіністікпен қарады және АҚШ пен Оңтүстік Кореямен бірігіп жасайтын әскери оқуды тоқтатуға ниетті екенін айтты», - делінген хабарламада.

Ким Чен Ын АҚШ пен КХДР аймақтық тұрақтылықты сақтау мақсатында жүйелік шаралар қабылдау керек екенін, сондай-ақ Корей түбегін ядролық қарусыздандыру туралы сөз қозғады.

«Келісімге келу үшін, тұрақтылық болу үшін және Корей түбегін ядролық қарусыздандыру үшін екі жақ тарап та бір-біріне түсіністікпен қарап, өшпенділікті өршітпей, оның кепілі ретінде жүйелік және заңдық шаралар қабылдау керек», - дейді Ким Чен Ын.

Сингапурда екі елдің көшбасшылары кездескені туралы бұған дейін де жазылған. Ол кездесуде екі тарап негізгі төрт пунктен тұратын келісімге келген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер