BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 359 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.1 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

КХДР Оңтүстік Кореяға жоғары деңгейде кездесу өткізуді ұсынды

Фото: Korea Summit Press Pool/Pool via Reuters

Солтүстік Корея жоғары деңгейдегі кореяаралық келіссөз өткізуді ұсынды. Бұл туралы Reuters оңтүстіккореялық ұлттық бірлестіктер істері министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Сеул Пхеньянның ұсынысын қабылдап, 16 мамырда келіссөздер бекеті екі елдің шекарасы Пханмунджда кездесуге келісім берді. Қазіргі таңда саммиттің мәселелеріне қатысты келіссөздер жүруде.

Болжамға сәйкес тараптар Қызыл Крест желісі бойынша диалогты жаңғырту мәселелерін талқылауы мүмкін. Тағы бір мәселе 38-ші паралельдің екі жағында тұратын туыстардың кездесуі болады. Бұдан басқа, ҚХДР мен Корея Республикасы спортшыларының бір ту астында өнер көрсетуі талқылануы мүмкін.

Өз кезегінде, Ёнхап агенттігінен толықтырып кеткендей, Пхеньян кездесуге 29 адамнан тұратын делегацияны жібереді. Олардың ішінде спорт пен экономика саласына жауап беретін ресми тұлғалар мен журналистер бар.

Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Кореяның ядролық полигонды бұза бастағаны белгілі болды. Екі Корея басшыларының кездесуінен кейін бірнеше негізгі нысандар сүрілді, кешеннің тау бөлігіне апаратын теміржолда бөлшектеліп алынды, сонымен қатар спутник суреттерінен бірнеше вагон арбашалардың құлап жатқаны айқын көрініп тұр.

Естеріңізге сала кетейік, 27 сәуірде КХДР мен Корея Республикасының басшылары Ким Чен Ын мен Мун Чжэ Ин тарихта алғаш рет қарусыздандырылған оңтүстіккореялық бөлікте саммит өткізді. Мемлекет басшылары бірлескен декларацияға қол қойды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер