BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Кенияда солтүстік ақ мүйізтұмсығының соңғы тұқымы жойылды

Кенияда 45 жастағы солтүстік ақ мүйізтұмсығының соңғы аталығы өлді. Оның аты Судан болатын. Бұл туралы Ol Pejeta қорығының Twitter-дегі парақшасында жазылды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

«Ol Pejeta қорығының қызметкерлері Судан өліміне қатты қайғырып отыр. Ол өз тұқымдастарының ішінде ең мықтысы болатын. Судан арқылы біз дүниежүзіндегі түйткілді проблемаларды шештік. Тек мүйізтұмсықтар емес, басқа да құрып бара жатқан жануарлардың өміріне алаңдап, бірнешеуін сақтап қалдық», - деді қорықтың бас директоры Ричард Винь (Richard Vigne.

Енді жер шарында жануардың бұл түрінің тек екі аналық тұқымы қалды – Суданның қызы мен немересі: Наджин және Фату.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер