BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қазақстан үкіметінің өкілі Парижден 65 млн еуроға пәтер сатып алған – БАҚ

Қазақстан үкіметінің ресми өкілі Парижден 65 миллион еуро (75,8 млн АҚШ доллары) тұратын пәтер сатып алды. Оның аумағы 13 000 шаршы фут және үйде жоғары деңгейдегі қауіпсіздік құрылғылары орнатылған. Бұл сатылым осы қаладағы биылғы ең ірі сауданың бірі болды, деп жазды Mansion Global.

Пәтер қаланың «Алтын үшбұрышындағы» Montaigne авенюінде және Елисей даласына бір минуттық жерде орналасқан.

Үйдің сатылымымен белгиялық риэлтор Игнас Мювиссен айналысқан. Оның Мәскеудегі жылжымайтын мүлік компаниясы Ресей мен бұрынғы кеңес үкіметі құрамындағы елдердің сатып алушылары мен сатушыларына өкілдік етеді.

Сатушы – Ресейлік инвестициялық компанияның басшысы. Ол 6 пәтерді бір апартаментке жинақтаған. Үйдің терезелерінен Plaza Athénée тарихи алаңына, танымал қонақ үйге қарауға болады. Бұл қонақ үйдегі әр бөлменің бағасы 20 мың доллар тұрады.

Үй 1200 шаршы метр жерді алып жатыр. Онда бес жатын бөлме, бес жуынатын бөлме, спа-орталық және қызметшілерге арналған бөлек бөлмелер бар.

«Бірақ үйдегі ең басты ерекшелік – қауіпсіздік деңгейінің жоғары болуы. Оның ішінде 55 шаршы метр болатын бөлмеге оқ өтпейді және қауіпсіздік қызметінің қызметкерлеріне арналған бөлме бар», - деп жазды басылым.

«Бұл ешкімде жоқ, бірегей пәтер», - деді риэлтор.

Оның айтуынша, Францияда мұндай қауіпсіздігі бар үй табу қиын.

Мювиссен сатушы мен сатып алушының аттарын атамады. Тек сатушы ресейлік инвестор, ал сатып алушы Қазақстан үкіметінің ресми өкілі екенін жазды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер