BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Қазақ-қырғыз шекарасында не болып жатыр?  

Қырғызстанның шекара қызметі қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі КирТАГ-қа сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, БАҚ-та қазақ-қырғыз шекарасында үлкен кептеліс пайда болғаны туралы ақпарат тараған болатын. Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, адамдар «Қордай» өткізу пунктінде сағаттап кезекте тұруға мәжбүр болған.

Бұл жағдайға Қырғызстанның шекара қызметінің алдағы сайлауға байланысты күшейтілген режимге көшуі себеп болған екен. Бұл туралы Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметі Бұқарамен және БАҚ-пен байланыс бөлімі хабарлады.

«2017 жылдың 10 қазаны сағат 20:00-ден бастап Қырғыз Республикасы президенті сайлауына дайындық және өткізу кезеңінде Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметі күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті», - деп жазылған хабарламада.

Қырғызстанның шекара қызметі осыған байланысты мемлекеттік шекара арқылы өтетін жолаушы, жүк және көлік құралдары жиналып қалғанын атап өтті. Дәл қазір шекарадан өту кезінде қырғыз тарапынан ешқандай шектеу жоқ екені хабарланып отыр.

«Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметі аталған уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды. Сонымен қатар, барлық бақылау өткізу пунктінде мемлекеттік шекараны кесіп өту ережелері туралы жазылған ақпараттық қалқандар орнатылған. Онда шекараны кесіп өту кезінде проблема туындаған жағдайда қоңырау шалуға болатын ҚР МШҚ сенім телефоны көрсетілген», - деп хабарлады елдің шекара қызметі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер