BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Қартаюды тежейтін дәрінің ракты да емдейтіні анықталды

Фото: Reuters

Канадалық ғалымдар метформин препараты сүт безі қатерлі ісігінің алдын алуға да көмектесетінін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Зерттеу нәтижесі PLoS ONE журналында жарияланды.

Мамандар MCF7 рак клеткаларына метформиннің қалай әсер ететініне бақылау жүргізген. Нәтижесінде ол клеткалардың пролиферациясына кедергі жасаған.

Олардың болжауынша, метформинді қатерлі ісіктің алдын алатын емдеу құралы ретінде әбден қарастыруға болады.

Ғалымдар препаратты қабылдағаннан кейінгі терапиялық әсерін бағалауды жоспарлап отыр.

Емделушілерге метформинді 2-ші деңгейлі қант диабетінде тағайындайды.

Айта кетсек, бұған дейін америкалық ғалымдар метформинді қартаюды тежейтін бірден бір тиімді препарат екенін анықтаған болатын. Ол адам ағзасына енетін оттегі көлемін ұлғайтады. Сондай-ақ, Кардифф университетінің мамандары қант диабетімен ауыратын адамдар арасында метформинді қолданатындардың өмір сүру мүмкіндігі сегіз жылға ұзарғаны анықталған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер