BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.48
Астана:

Канадада аптап ыстық салдарынан мәйітхана ішінде бос орын жоқ

Фото: salutmontreal.com

Ыстық салдарынан көз жұмғандардың көбі 60 жастан асқан адамдар. Ыстықтан көз жұмғандар күн сайын мәйітханаға жеткізілуде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі СВС News сайтына сілтеме жасап.

Аптап ыстық салдарынан көз жұмғандардың саны көп болғаны соншалық, мәйітхана мен жеке меншік жерлеу бюросының бірлесіп жұмыс істеулеріне тура келді.

«Күн сайын 15 адамның мүрдесі келіп жатты, сол себепті 128 орынға арналған мәйітхана іші толып қалды», - дейді Монреальдың бас тергеушісі Жан Брочу.

БАҚ-тың жазуларынша, Монреальда ыстыққа шыдамаған 33 адам осы аптада қайтыс болған. Ал жұма күні Квебек провинциясында ыстықтан 54 адам көз жұмған.

Көз жұмғандардың басым бөлігі халықтың әлсіз тобы, яғни алпыс жастан асқандар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер