BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Канадада 70-тен астам адам аптап ыстықтың құрбаны болуы мүмкін

Фото: Eva Hambach/AFP/Getty Images

Канадада 70-тен астам адам аптап ыстықтың құрбаны болуы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ТАСС сілтеме жасап.

CTV телеарнасынан хабарлағандай, Квебек пен Онтарио канадалық провинцияларда 70 астам адам аптап ыстықтың құрбаны болуы мүмкін.

Онтарио провинциясының бас тергеушісі доктор Дирк Хайер журналистер алдында жасаған мәлімдемесінде аталған аймақта үш адамның қайтыс болу фактісіне байланысты тергеу басталды және олардың өліміне өңірдегі аптап ыстық себеп болуы мүмкін, деді. Алайда, ол бұл жағдайлар қай жерде орын алғаны туралы айтпады, тек алдағы уақытта бұл мәселе төңірегінде толық түсініктеме берілетінін ескертті.

Өз кезегінде, Квебектің Денсаулық сақтау министрлігі өңірде аптағын ыстықтан зардап шеккендер саны 70 адамға жетуі мүмкін деп хабарлады. Алайда нақты сан айтылмады.

Бұған дейін хабарланғандай, аптап ыстыққа шыдай алмай 54 адам қайтыс болған, оның ішінде 34 жағдай – Монреалда тіркелді. Жалпы, табиғи катаклизм кесіріне көбіне 60 және одан да үлкен жастағы азаматтар қайтыс болған.

Монреалдық денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Милен Дрюон атап өткендей, тәуекел аймағында созылмалы ауруға шалдыққан, психикалық ауытқулары бар, жалғыз басты азаматтар және желдеткіші бар ғимаратта көп отыратын қалалықтар.

Еске салып кетейік, соңғы рет Монреалда аптап ыстық 2010 жылы тіркелді. Ол кезде қалада 106 адам көз жұмған.

Ұлттық бюроның мәліметі бойынша, Квебек пен Онтарионың оңтүстік бөлігінде, сонымен қатар Канаданың атлантикалық өңірінде 29 маусымнан бастап аптағын ыстық орнаған, ауа температурасы +30+40 дейін көтерілуде. Өткен жұмада ауа температурасы +23 дейін төмендеді, алайда сенбі күні +30 көрсетті және одан да жоғары көтерілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер