USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Қалыңдық қалың малды алып, қашып кеткен

Фото: rus.tvnet.lv

Ошта 70 мың сом қалың мал алған қалыңдық райынан қайтып, ізін суытқан. Бұл туралы КирТАГ «Импера групп» заң компаниясының басшысы Эмиль Джапакбаевқа сілтеме жасап хабарлады.

«Жігіт қалыңдық үшін қалың мал берген соң, қыз ақшаны алып қашып кеткен. Сомасы 70 мың сомды құрайтын қалың малды қайтармағанына бір жыл болып қалған. Барлығы ата-ана деңгейіндегі келісім бойынша жүзеге асқан. Жастар жарты жылдай кездесіп жүрген. Қыз 22, ал жігіт 26 жаста», - деді Э.Джапакбаев.

«Жігіт қызбен сөйлеспек болған. Алайда қалыңдық басында ауырып қалдым деп, кейін мүлде ізін суытқан. Ата-анасы да жігітпен кездесуден аулақ болып, кейін қыздарының қайда екенін білмейтінін айтқан», - деді заңгер.

Оның сөзіне қарағанда, жапа шегуші заңгерлердің кеңесіне жүгінген, алайда Ош прокуратурасына шағымданудан бас тартыпты.

Заңгер атап өткендей, Қырғызстанда қалың мал заң бойынша реттелмеген. Алайда кінәлі тұлғалар Қырғызстанның ҚК 166 бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.

Атап өтейік, Қырғызстанның отбасы кодексі қалың малға тыйым салмайды және оған рұқсат та бермейді.

ҚазАқпарат

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады