BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Қадыров Мьянма мұсылмандарын қолдау митингілерін тоқтатуға шақырды   

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Мьянма мұсылмандарын қолдау митингілерін тоқтатып, олаға гуманитарлық қолдау көрсетуге шақырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Өткен дүйсенбіде Грозный орталығында рохинджа мұсылмандарын қолдау бойынша жаппай митинг өтті. Оған қатысушылар РФ президенті Владимир Путинге үндеу жасап, Мьянмадағы мұсылмандарды қудалауды тоқтату үшін «әлемдегі беделін салуды» өтінді.

Кеше жүздеген адам Мәскеудегі Мьянма елшілігінің алдында митингі өткізді.

«Қазіргі таңда митингілер өткізудің еш қажеттілігі жоқ. Егер қажет болса, Грозныйдың орталық алаңын ұсынып, барлық жағдайды жасайтын едім. Мен барлық бауырларымды – тұтас Ресейдегі мұсылмандарды әлдекімнің үгіт-насихатына ермеуге және біреудің қолжаулығына айналмауға шақырамын», — деп жазды Қадыров Instagram-дағы парақшасында.

Шешенстан басшысының айтуынша, дәл қазіргі уақытта рохинджа мұсылмандары гуманитарлық көмекке зәру. Қадыров мүмкіндігі бар адамдардың барлығын бұл игі іске үлес қосуға шақырды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер