Израиль әскері палестиналық туннельді талқандады - Әлем|16 Сәуір 2018, 08:39
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Израиль әскері палестиналық туннельді талқандады

Фото: aa.com.tr

Израиль әскері Газадан бастау алып, өз территорияларының бірнеше ондаған метріне жалғасқан, палестиналықтардың жерасты туннелін талқандады. Израиль Қорғаныс министрлігі бұл соңғы бес айда күлі көкке ұшқан бесінші туннель екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі СNN басылымына сілтеме жасап.

«Газаның солтүстік аймағынан Израиль территориясына жасырын жолмен енетін бұл туннель күрделі құрылысымен, мықты сапасымен ерекшеленді», - деді Израиль Қорғаныс министрлігінің өкілі Джонатан Конрикус.

Наурыз айынан бері екі ел шекарасында Газа мен Израиль арасында қақтығыстар жиі орын алуда. Сондықтан Израиль Үкіметі өз елдеріне жасырын еніп отырған палестиналықтарға тосқауыл қою үшін туннельді талқандаған.

«Қайтару маршы» деп аталатын палестиналықтар көтерілісі Израильге өтіп кеткен тарихи жерлерін қайтару үшін басталған. Екі ел арасында үлкен қабырға болғандықтан, палестиналықтар Израильге өтудің жаңа жолы – туннельдерді ойлап тапқан. Жұма күні Газада мыңға жуық палестиналық көтерілісші жараланды. Оларға Израиль әскері көз жасаурататын газ пен оқ атқан.

Израиль Қорғаныс министрлігі бұл туннельді «ХАМАС террорының туннелі» деп атады. Оның құрылысы өзге жер асты туннельдерімен байланыста салынған. Конкирустың айтуынша, ол бірнеше жыл бойы салынған, ал Израиль Қорғаныс министрлігі Газада арнайы тыңшылық құралдардың көмегімен туннельдің құрылысын бақылап отырыпты.

Туннель Израиль жеріне қарай созылғаннан кейін ғана Израиль Үкіметі оны талқандауға бел буған. Дегенмен, туннельді талқандау арқылы Израиль өз тұрғындарына да қауіп төндіргенін атап өту керек. Туннель Джабалия ауданынан бастау алып, еврейлердің Нахаль-Оз ауданына дейін жеткен.

«Біз террордың жер асты жолын талқандадық. Өте ұзын және қауіпті жолға тосқауыл қойдық. Хамас ұйымы миллиондаған ақшаны мағынасыз туннель құрылысына жұмсады, адамдардың тұрмысына жұмсалуы тиіс қаржы енді құмға сіңді», -деп твиттер парақшасына жазды Израиль Қорғаныс министрі Авигдор Либерман.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер