USD 335.61 EUR 361.32 RUB 5.26
Астана:

Италияда шарап субұрқағы іске қосылды

Фото: BestPrivateGuides.com

Италияның дәл ортасында судың орнына қызыл шарап төгілетін тұңғыш субұрқақ орнатылды, деп хабарлайды Baq.kz.

Иисус Христостың 12 апостолдарының бірі Фома жерленген қалалық базиликадан (ежелгі шіркеу) өту үшін Римнен Ортонаға дейінгі ұзақ жолды мыңдаған шетелдік және діни туристер кешіп өтеді.

Шарап субұрқағы немесе «fontana del vino» «Әулие Фома жолы» (Cammino di San Tommaso) бойында Абруццодағы Калдари ди Ортона қаласында орналасқан.

Шарап субұрқағы – жергілікті шарап шебері мен қажылық жолды реттеп отыратын арнайы ұйымның ортақ жобасы.

Бірегей сәулет өнерін ашуға осыдан бірнеше жыл бұрын Италияда Әулие Сантияго жолы бойында орнатылған субұрқақ себеп болған. Бірақ жаңа субұрқақтың одан айырмашылығы, ол тек мереке күндері емес, үздіксіз жұмыс істеп тұратын болады, деп жазады he Local.

Негізінен, Италияда басқа да шарап субұрқақтары бар. Алайда олар тек атаулы күндерде, айталық жыл сайын қазан айының алғашқы жексенбісінде тойланатын Маринодағы «Жүзім күні» сынды ірі фестивальдерде ғана уақытша іске қосылады. Мұндай мерекелерде қаланың барлық субұрқақтарынан судың орнына ақ шарап төгіліп тұрады.

2008 жылы осындай мерекелердің бірінде техникалық қателіктің кесірінен шарап байқаусызда субұрқақтарға емес, жеке үйлердің құбырларына жіберіліп қойған.

Ұқсас сілтемелер:
05 Желтоқсан 2016, 09:45
Қытайда ауа сатыла бастады
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады