USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Италияда кедейлердің жаңа табы пайда болды

Фото: YouTube

Италияда кедейлердің жаңа табы пайда болды. Бұл тапты 18 бен 35 жас аралығындағы жастар құрайды. Әлеуметтік зерттеу нәтижесінде осындай қорытынды жасалып отыр.

Елде 1 миллионнан астам жас азамат кедейдің кебін киіп жүр. Олардың дені – білімі бар, көзі ашық, көкірегі ояу жандар. Кедейшіліктің бірінші себебі – елде жаппай жұмыссыздықтың белең алуы. Қазір жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 40 пайызға жеткен. Сондықтан, тепсе темір үзетін италиялық жігіттердің оннан сегізін ата-анасы бағып отыр. Мемлекеттен ешқандай қолдау таппаған олар экономикалық дағдарыс салдарынан әлеуметтің әлсіз тобына айналған. Сол себепті көбісі Еуропаның өзге елдеріне ағылып жатыр.

«Қазір жастардың жұмысқа орналасуы оңай шаруа емес. Сондықтан олардың қор жинап, тұрғын үй алуға да еш мүмкіндігі жоқ. Ертеңгі күнге деген сенімі жоқ. Олар өзіне қолайлы жағдай жасауға да қауқарсыз. Ал ержетіп, ақыл тоқтатқан адамның өз қажеттілігін өтейтін дүниесінің болуы өте маңызды», - дейді Censis әлеуметтік зерттеулер орталығының бөлім жетекшісі Франческо Майетта.

24.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады