BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 339.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.64 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.3
Астана:

Италияда бомба табылып, 20 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді

Италияның Адриат жағалауындағы Фано қаласында Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған бомбаға бола 20 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Қала мэрі Марке Массимо Сери өзінің Facebook желісіндегі парақшасында бомба табылған аумақтан 1,9 км радиуста салынған үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілетінін жазды. Бұл ауданда жағалау, тарихи орталық және бірнеше оңтүстік квартал бар. Эвакуация зонасына қалалық аурухана мен теміржол вокзалы кірді.

Сондай-ақ, қала басшысы қай көше тұрғындарының эвакуацияланатынын және оларды құтқарушылар қай жерден келіп алып кететінін жазды. Бұл тұрғындар спорт залдар мен мектептерге орналастырылады.

Қала билігінің айтуынша, бұл шара күннің екінші жартысына дейін жалғасады. Жергілікті БАҚ-тың есептеуінше, 23 мың тұрғын эвакуацияланады. Әзірге бомба табылған жерде әскери саперлер жұмыс істеп жатыр. Салмағы 225 кг болатын авиабомбаны саперлер құрылыс жұмыстары кезінде тапқан.

Кейін мэр бомбаның жағалау аймағына жеткізілгенін хабарлады.

«Снаряд судың ішінде тұр. Бұл қауіпсіз аймақ», — деп жазды ол.

Осыдан кейін Фано қаласының билігі қалада вокзалдар мен мемлекеттік мекемелердің жұмыстарын жалғастыруларына рұқсат берді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер