BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Ит робот есік ашуды үйренді

Америкалық Boston Dynamics мамандары ит роботқа есік ашуды үйретті. Кейін роботтың есік ашқан сәті таспаланған видеоны өздерінің YouTube-каналдарына жүктеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Роликтен роботтардың бөлмеден шығу үшін бір-біріне көмектескендерін көруге болады. Олар небәрі 15 секунд ішінде бөлмеден қашып шықты.

Қазіргі таңда Boston Dynamics жапониялық SoftBank компаниясына тиесілі. Америкалық құрастырушы антропоморфтық робот Atlas және төрт аяқты BigDog роботтарымен танымал.

2017 жылдың қазан айында Unitree Robotics атты қытайлық стартап Laikago робот итті жасап шығарды. Компания Laikago роботын құрастыру кезінде Boston Dynamics туындыларынан шабыт алғандарын жасырмады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
19 Қыркүйек 2018, 10:26
БЖЗҚ-да ашық есік күні өтеді
Пікірлер