BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Испанияда РФ президентін сайлауға мыңнан астам адам мерзімінен бұрын дауыс берді

Сегіз елді мекенде мерзімінен бұрын өткізілген Испаниядағы Ресей Федерациясы президентінің сайлауында қазіргі уақытта 1288 адам дауыс беріп үлгерген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Испаниядағы РФ елшісі Юрий Корчагиннің берген мәліметіне сәйкес, мерзімінен бұрын сайлау 4 наурызда Леон мен Аликантта, 10 наурызда — Малагада, 11 наурызда — Валенсия, Марбелье, Пальме-де-Майорк, Сан-Себастьян, Альмерияда өткен. Сонымен қатар, 17 наурыз күні сайлау Вигода өтеді.

«Бүгінгі күні 1288 адам мерзімінен бұрын дауыс беріп үлгерді. Бұл өткен жылы Мемлекеттік Думаға сайлау кезіндегі көрсеткіштен айтарлықтай көп. Виго мен 18 наурыз күні ашық болатын басқа да алты учаскедегі дауыстарды есептемегенде. Мерзімінен бұрын сайлау келушілердің көптігін көрсетті, адамдар жақсы көңіл-күймен, отбасыларымен келіп, дауыс беріп жатыр», - деген Корчагин.

18 наурыз күні 500-ден астам ресейлік азамат тұратын Андоррада жеке сайлау учаскесі ашылады.

«Алғаш рет Андоррада сайлау учаскесі болады. Мұнда Ресей азаматтарының біразы тұрады және ресейлік туристер де көптеп келеді. Ол жаққа біздің дипломаттар тобы – сайлау комиссиясының мүшелері жіберіледі. Әрбір сайлау учаскесінің жанында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін испаниялық тәртіп сақшылары болады», - деген елші Испания полициясы мен билігіне ризашылығын білдірді.

Еске сала кетейік, Ресейдегі президент сайлауы 18 наурыз күні өтеді. Сайлауға түсіп жатқан үміткерлері саны - 8. Олар: Сергей Бабурин, Павел Грудинин, Владимир Жириновский, Владимир Путин, Ксения Собчак, Максим Сурайкин, Борис Титов, Григорий Явлинский.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер