BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Испания Ресейді Каталониядағы тұрақсыздыққа қатысы бар деп айыптады

Фото: Globallookpress.com

Испания билігі Каталониядағы референдум туралы әлеуметтік желілердегі жалған ақпараты бар интернет-трафик Ресейден шыққанын анықтады. Бұл туралы Брюссельде Испанияның қорғаныс министрі Мариа Долорес Коспедаль мәлімдеді, деп жазды Reuters.

Қорғаныс басшысының айтуынша, Каталониядағы сепаратизм туралы ақпарат жазу үшін Ресей мен Венесуэла Twitter, Facebook және басқа әлеуметтік желілерді қолданды. Бұл «алдағы референдум қарсаңында қоғам ойына әсер ету үшін» жасалған.

«Ресейлік интернетті қолданушы топтар «Еуропада тұрақсыздық тудырғысы» келеді», - деп қосты министр.

Бұған дейін корольдіктің СІМ Альфонсо Дастис мұндай ресейлік контентке қатысты айғақтар бар екенін айтты.

«Каталониядағы жағдайды ушықтыратын фейк аккаунттардың жартысы Ресейге апарады», - деп айыптады ол.

Каталониялық билік өкілдері Ресейдің бұл іске қатысын растамай отыр және ресейліктер тарап тағылған кінәні орынды деп есептейді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер