BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

«Ирма» дауылы: Қаза тапқандар саны 55-ке жетті

Кариб теңізі мен АҚШ-та болған «Ирма» дауылынан қаза тапқандар саны 55-ке жетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап.

Соңғы деректер бойынша, 12 адам Флоридада, 4 адам Оңтүстік Каролинада және екі адам Джорджияда қаза тапқан.
Сарапшылардың айтуынша, зардап шегушілер бұдан да көп болуы мүмкін.

«Ирма» дауылы соңғы он жыл ішіндегі ең күшті дауыл болып отыр. Кариб теңізінен басталған дауыл Виргин аралдарына, Антигуа, Барбуда, Барбадос, Куба, Пуэтро-Рико, Сен-Бартелеми аралдары мен Сен -Мартенге де жеткен.

Дауылдан келген зардаптың шығыны 10 миллиард долларға жуықтаған.

Еске сала кетейік, жексенбі күні «Ирма» Флоридаға ауысып, қаншама тұрғын үй ғимараттарын қиратты. Сол кезде «Ирма» дауылынан 6,5 млн адам жарықсыз қалған еді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер