BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Иран-Ирак шекарасында күшті зілзала: жүзден аса адам қаза болды

Иранның батысында болған 7,3 магнитудалы жер сілкінісінен 129 адам қаза тауып, 300 адам жарақаттанды, Иракта 4 адам қаза тапқан. Қаза болған адамдардың саны әлі де өсуі мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bbc.com-ға сілтеме жасап.

Жер сілкінісі адамдар арасында үрей тудырып, көптеген адам үйлерін тастап, қашып шыққан. Бағдаттағы мешіттер дұғаларды дауыс зорайтқыш арқылы оқыған.

Көптеген адам шекарадан 15 шақырым жерде орналасқан Сарпол-э Захаб қаласында зардап шекті деді Иранның құтқару қызметінің басшысы Пир-Хоссейн Куливанд.

Қызыл крест және Қызыл жарты ай халықаралық қозғалысының басшысы Мортези Салим Иран мемлекеттік телеарнасы IRINN-ге берген мәліметінде сегіз ауылдың қирағанын айтқан.

«Кей ауылдарда электр энергиясы өшті, телекоммуникация жүйесі істен шықты», - деді ол.

Пир-Хоссейн Куливандтың айтуынша, құтқарушылардың жұмысына көшкін кедергі келтіріп жатыр.

Табиғат апатының зардабын әсіресе Иранның батысындағы Керманшах және Илам провинциялары тартқан. Жер сілкінісінің эпицентрі 33,9 км тереңдікте болған, оны Түркия, Израиль, Кувейтте сезінген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер