BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 344.58 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 400.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Иранда жанармай тасымалдау көлігі мен жолаушылар автобусы соғылып 13 адам көз жұмды

Фото: Тasnim News Agency

Бүгін таңертең Иранның батысында жанармай тасымалдаушы жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысып қалған. Ресми дерек бойынша 13 адам мерт болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Вусти.ru порталына сілтеме жасап.

Алайда құрбандар саны көп болуы мүмкін. Жергілікті блогерлердің жазуынша, отызға жуық адам көз жұмған.

Расталмаған дерек бойынша, автобуста болған 17 адам мерт болған, оның 14-і жолаушы, 2-уі жүргізуші және біреуі көмекшісі болған. Сонымен қатар сол маңда болған 15 адам да көз жұмған. Твиттерде жантүршігерлік апат орын алған жердің суреттері жарияланған.

Тasnim News Agency басылымының мәліметінше, автобус тоқтап, жолаушыларын түсіріп жатқанда қатты жүйіткіп келе жатқан жанармай тасушы көлігі оны ұрған. Қатты соқтығыстан үлкен жарылыс болған, соның салдарынан үш көлік пен шағын жүк көлігі зардап шеккен. Өрт сөндірушілердің айтуынша, апатты жағдайдың нәтижесінде 18 мың литр жанармай өртенген. Қайғылы оқиға болған өңірдің билігі үшкүндік аза тұту күнін жариялады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер