BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 341.18 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.97 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.34
Астана:

Иранда ұшақ апатынан 11 адам қаза тапты

Фото: anna-news.info

11 наурыз күні Иранда жеке түрік ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан кем дегенде 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі tass.ru сайтына сілтеме жасап.

Иран азаматтық авиация ұйымы өкілдерінің мәліметінше, ұшақ апаты салдарынан 8 жолаушы, 3 экипаж мүшесі қаза тапқан.

Ирандағы «Tasnim» агенттігінің хабарлауынша, Шарджа (БАӘ) қаласынан Стамбулға ұшып бара жатқан «Bombardier Challenger 600» жеке лайнері жергілікті уақыт бойынша сағат 18: 50-де (Астана уақытымен 21:20) радар экранынан жоғалып кеткен. Ол Иранның орталық бөлігіндегі Шахре-Корд қаласының маңындағы таулы аймаққа құлаған.

Алдын ала болжам бойынша, жерге құлаған ұшақ жанып кеткен. Агенттікте таулы аймақтан қара түтін шығып жатқаны түсірілген сурет бар. Апат болған жерде іздестіру шаралары жүріп жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер