BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Иранда әскери шерудегі терактіге қатысты 22 адам ұсталды

Фото: Landlord

Иран құқыққорғау органдары Ахваз қаласында болған терактіге қатысы бар деген 22 адамды ұстады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап.

22 қыркүйек күні таңертең әскери шеру кезінде мінберден бірнеше содыр ұлықтауға қатысушыларға және келушілерге оқ атқан. Соның салдарынан 28 адам қаза тапқан еді.

Елдің Қорғаныс министрлігі терактіге қатысты бес адамнан тұратын топты анықтаған, сондай-ақ шабуылға жанама қатысы болған 22 адам ұсталған, олардан жарылғыш заттар мен байланыс құрылғылары табылған.

Иран үкіметі теракті шетелден қаржыландырылды деген ұйғарымда. Елдің президенті Хасан Рухани «бұған АҚШ пен Парсы шығанағы елдерінің бірінің қатысы бар» деп мәлімдеді. Иранның СІМ басшысы Мохаммад Джавад Зариф лаңкестерді америкалық нұсқаушылар дайындаған деген сенімде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер