BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Иранда 66 жолаушы мінген ұшақ құлады

Лайнер Исфахан елді мекеніндегі Семиром қаласында құлады. Ұшақ араға 50 минут салып радардан жоғалған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

Иранда Aseman Airlines әуекомпаниясының ATR 72-500 ұшағы құлады. Аталған ұшақтың ішінде 66 адам отырған. Бұл туралы 18 ақпан күні Tasnim басылымы хабарлады.

Лайнер Тегераннан Иранның оңтүстік-батысында орналасқан Ясудж қаласына ұшып бара жатқан болатын.

Ұшақ құлаған жерде қатты тұман болып тұрғандықтан, тікұшақтар тиісті шараларды толық жүзеге асыра алмай отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер