BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 344.58 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 400.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Иран АҚШ санкциясына жауап ретінде мұнай экспортын ұлғайтпақ

Фото: Delo.ua

АҚШ тарапынан жасалған санкцияға жауап ретінде Иран мұнай экспортын ең жоғар мөлшерге дейін ұлғайтады. Бұл жайында Иранның бірінші вице-президенті Эсхак Джахангири мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Дұшпан (АҚШ) біздің тауардың экспортын толықтай тоқтатқысы келеді: мұнай, темір, мыстың. Иран АҚШ санкциясына жауап ретінде мұнай экспортын ең жоғарғы мөлшерге дейін ұлғайтпақ. Сонымен қатар бұл жайт темір өндірісі мен экспортын да жоғарылата түседі»,- дейді Джахангири.

АҚШ-тың эксаумақтық санкциялары бірнеше кезеңмен осы жазда енгізілмек және ол Ирандағы шетелдік компаниялардың мүддесіне тікелей әсер етеді. Бұған дейін Мемлекеттік департаментте шектеудің алғашқы бөлігі 6 тамызда қайта іске қосылатыны әрі ол Иранның автокөлік құрылысы саласы мен алтын саудасын қамтитындығы айтылған. Қалған санкциялар 4 қарашада күшіне еніп, елдің энергетика өнеркәсібіне әсер етпек. Оның үстіне Вашингтон Тегеранның мұнай саудасынан түсетін табысын «нөлге» дейін қысқарту керектігін ашық айтуда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер