BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 359.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Иракта антиамерикалық саясаткер әл-Садр билікке келді

Фото: CNN

Жуырда ғана Иракта өткізілген президент сайлауында Муктада әл-Садр жеңіске жетті. Көптеген сарапшылар америкалық әскери қарулы күштерге қарсы күрескен әл-Садр енді Ирак саясатының патшасына айналады деген болжам жасауда. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әл-Садр өзін ұзақ уақыт бойы тәуелсіз ұлтшыл азамат ретінде көрсетіп, Иран мен АҚШ саясатына қарсы шықты. 2003 жылы Ирак жеріне баса-көктеп кіріп, Саддам Хусейнді биліктен тайдырған АҚШ пен Иран әскерін әл-Садр ерекше жек көретінін ашық айтып, қарсы күрес жүргізген.

Жемқорлыққа қарсы саясат ұстанып, коммунистік партиямен бірігіп, сайлау алдында әлемнің ең мықты саясаткерлері сияқты халықтың рухын көтере білді. Вашингтоннан қолдау тапқан кандидат Хайдер әл-Абадиді басып озып, жеңіске жетті. Ал сайлау қорытындысы бойынша Абади үшінші орынға жайғасқан.

Әл-Садр осыған дейін екі рет Ирактағы америкалық күштерге қарсы бүлік шығарған. ИГИЛ тобымен күресу үшін Ирак жеріне енген АҚШ әскеріне әлі қарсы шықпағандықтан, көптеген сарапшылар әл-Садрдың өзге жоспары бар деп күтеді.

«Әл-Садрдың жеңісі - Иран үшін де, АҚШ үшін де жағымсыз жаңалық. Саяси және идеологиялық траекторияны бақылап отырған адам әл-Садрдың прагматикалық актерға айналғандығын оңай тани алады», - деді Таяу Шығыстағы кикілжіңдерді басу институтының директоры Ранда Слим.

Слимның ойынша, әл-Садр Ирак тәуелсіздігіне нұқсан келмейінше, елдегі АҚШ әскерін шығара қоймайды. ИГИЛ тобымен күресу үшін Иракта дәл қазір 5 000 АҚШ әскери қызметкері оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде.

АҚШ Ирак жеріне баса-көктеп кірген соң, арада 15 жыл өткенде алғаш рет әл-Садр жеңісінен кейін қайта алаңдаушылық таныта бастады.

«АҚШ Ирак мемлекеті мен оның тұрғындарын демократиялық сайлау өткізуімен құттықтайды. Ирак халқы қауіпсіз, гүлденуге талпынған, ұлттық, орталық Үкіметі бар, бірқалыпты ел құруға талпынып жатыр. Жаңа Ирак Үкіметімен байланыс орнатып, конституциялық тұрғыдан бұл елде қауіпсіздік орнату үшін талпынамыз», - деді АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі.

Әл-Садрдың жеңісі Дональд Трамптың да енді мазасын алады. Америкалық әскерилер мен командирлер көптеген АҚШ әскерилерінің қазасына осы әл-Садр жауапты деп таниды. Сондықтан әскерилердің Трамптың әл-Садрға қатысты қандай саясат ұстанатынын бақылап отыратыны сөзсіз.

2014 жылы генерал-лейтенант Рикардо Санчес Ирак оккупациясына қатысып, АҚШ құрлық коалициясын басқарған сәтте: «америкалық күштердің басты мақсаты Муктада әл-Садрды өлтіру немесе ұстап алу. Бұл - біздің миссия» деп мәлімдеген болатын.

АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттистен де журналистер жаңа Ирак президенті әл-Садр туралы пікірін сұрады. Мэттис Иракта әскери қызметін өтеп, Таяу Шығыстағы Орталық АҚШ әскерін басқарған болатын. Қорытынды жарияланбай тұрып, Мэттис: «Ирак халқының сайлауға құқығы бар. Сондықтан демократиялық әділетті сайлау өтеді деп сенеміз» деді.

АҚШ сарапшыларының алаңдаушылығын туғызған тағы бір мәселе бар. Саддам Хусейн билігі құлатылған соң, елдегі билік партиясына сүнниттер, шииттер мен курдтан бірдей сайланатын. Иракта енді әл-Садр жеңіске жеткен соң, билік партиясы тек мұсылман шииттерден құралуы мүмкін. Бірақ, сүнниттер мен курдтар билік басынан шектетілсе, халық арасында дүмпу шығатыны сөзсіз.

Ирактағы ең ірі проблеманың бірі – дін мәселесі. Халықтың басым бөлігі шииттер болғанымен, Саддам Хусейн кезінде олар аз ғана сүнниттерден жапа шекті. Себебі, билік басына тек сүнниттер жайғасып, оларды шеттетті. 2003 жылы шиит үздіктері ондаған жылдар бойы қысым көргені үшін сүнниттерден өш алған.

Франс пресс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран басшылары әл-Садрды қолдамайды. Мәселен, қуатты Иран генералы Кассем Солеймани осы аптада жеңіліс тапқан Абадимен кездесіп, ортақ келісім жасаған. Ол әл-Садрды биліктен кетіруді көздейді.

Ағылшын тілінен аударған Алтынай ҚУАНЫШБЕК


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер