BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Индонезиялық Boeing ұшағының апатына қатысты болжам айтылды

Фото: AP Photo/Achmad Ibrahim

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Индонезия билігі Lion Air әуе компаниясына тиесілі 737 MAX 8 ұшағы Ява теңізіне жоғары жылдамдықпен құлауы салдарынан қираған деген болжамға келген. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дүйсенбі күні Индонезияның Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі комитет басшысы Соерджанто Таджахоно Elshinta радиостанциясына берген сұхбатында жолаушылар ұшағы Ява теңізіне жоғары жылдамдықпен құлауы салдарынан қирағанын мәлім етті.

Boeing 737 Max 8 ұшағы ел астанасы Джакартадан Панкалпинанг қаласына бағыт алған. Алайда 13 минуттан соң әуе кемесі белгісіз себептермен Ява теңізіне құлаған.

Құтқарушылар ұшақта отырған 189 жолаушының қаза тапқанын хабарлаған.

«Boeing 737 Max 8 суға құлауы салдарынан қираған. Әуеде болған сәтте ұшақта саңылау іздері болмағаны анықталды», - дейді Соерджанто Таджахоно.

Оның айтуынша, ұшақтағы материалдар ескірмеген.

Сондай-ақ басшы Boeing 737 Max 8 теңізге құлар алдында оның қозғалтқыштары толық қуатта жұмыс істегенін айта келе, оның суға жоғары жылдамдықпен құлағанын атап өтті. Салдарынан ұшақтың бөлшектері жан-жаққа шашыраған.

Осыған дейін сарапшылар апатқа ұшырағанға дейін Boeing 737 Max 8 жылдамдығы шамамен 1 мың км/сағат болуы мүмкін деген болжам жасаған.

Айта кетейік, Индонезияда құлаған ұшақта Қазақстан азаматтары болмағанын хабарлағанбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер