BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Индонезияда жер сілкінісі кезінде әуе диспетчері ұшақты құтқарамын деп қайтыс болды

Индонезияда әуе диспетчері Антониус Гунаван Агунг жер сілкінісі кезінде ұшақты құтқарамын деп қайтыс болды. Сулавесиде әуежайда отырып, ұшақты қауіпсіз ұшырып үлгеріп, өзін құтқармаған, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Хабар арнасына сілтеме жасап.

«Индонезияда әуе диспетчері жер сілкінісі кезінде жұмыс орнынан шығудан бас тартып, қайтыс болғаннан кейін батыр атанды. Ол жолаушылар мінген ұшақтың қауіпсіз ұшып кетуі үшін көмектескен», - делінген хабарламада.

21 жастағы Антониус Гунаван Агунг Сулавеси аралындағы Палу қаласының Мутиара SIS Аль-Джуфри әуежайындағы диспетчерлік жұмысында болған. Оның әріптестері сыртқа шығамыз дегенде, жігіт Batik Air әуе компаниясының жолаушылар мінген ұшағы әуеге көтерілмейінше жұмыс орнында қалған.

Ұшақ төбеге көтерілгеннен Агунг 4-қабаттан секіріп түседі. Салдарынан қолы сынып, ішкі органдары зақымданады. Жігіт арнайы мамандандырылған ауруханаға жеткізетін медициналық ұшақ келгенше қайтыс болады.

Айта кетсек, Индонезияда ірі жер сілкінісі салдарынан қайтыс болғандардың саны артып жатыр. Соңғы деректерге сәйкес Сулавеси аралында қайтыс болғандар саны 1200 адамға жетті. Қазіргі уақытта құтқару операциялары жүріп жатыр.

ҚР СІМ зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ екенін хабарлады.

Сонымен қатар, қазалы хабарға байланысты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер