BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Илон Маск жаңа кемені Марсқа 2019 жылы ұшырмақ

SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск Қызыл ғаламшарды игеруге арналған жаңа кеменің алғашқы ұшуы 2019 жылы жүзеге асырылады деп болжап отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі КорреспонденТ порталына сілтеме жасап.

Америкалық жекеменшік компания SpaceX Марсқа алғашқы ұшуларды 2019 жылы іске асыруға дайын. Бұл жөнінде аталған компанияның негізін қалаушы Илон Маск мәлімдеді.

«Дәл қазір біз Марсқа ұшуға арналған алғашқы планетааралық кеме құрылысын жүргізудеміз. Менің ойымша, аталған ғаламшарға бару-қайту секілді қысқа ұшуларды келесі жылдың бірінші жартысында орындай аламыз», - деп мәлімдеген Илон Маск Техас штатында өткен South by Southwest фестиваль барысында.

Алайда, Маск қазіргі уақытта жасалып жатқан болжамдар тым оптимистік сипатта болуы мүмкін екенін де жасырмаған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер