USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Хизб-ут-Тахрир лидері 16 жылға сотталды

Мәскеу аймақтық әскери соты Петербургте өткен көшпелі сот отырысында Псков облысының тумасы Дмитрий Михайловты Хизб-ут-Тахрир ұйымына мүше болып, ұйымға адамдар тартты деген айыппен 16 жылға соттады.

Іс материалдары бойынша, 2014 жылдың мамыр айынан маусымына дейін Хизб-ут-Тахрир әл Ислами (Исламның өркендеуі партиясы) ұйымы бойынша 30-дан астам адам ұсталған. Олардың ішінде ұйымның лидерлері мен мүшелері болған. Олардың жартысына қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, жартысы сотталды.

Петербург және Ленинград облыстары бойынша ФСБ басқармасының мәліметінше, ұйымға дағыстандық, каратэден балалар жаттықтырушысы Иса Рагимов пен Псков облысының тумасы, ислам дінін қабылдаған Дмитрий Михайлов жетекшілік еткен. Олар 2015 жылдың сәуір айында ұсталған.

Айыптау ісі бойынша, Михайлов Рагимовпен бірге Петербургтің әртүрлі жерлерінде кездесулер өткізіп, құрамдарына жаңа мүшелер тартқан.

Мәскеу аймақтық әскери соты Рагимовты 12 жылға түрме жазасына кескен.

centralasian.org

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады