BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

«Харви» дауылынан кейін Техас штатында жағажайдан беймәлім мақұлық табылды

«Харви» дауылынан кейін Техас штатында жағажайдан беймәлім мақұлық табылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Белгісіз мақұлықтың суреттерін биолог Прити Десай Twitter-дегі парақшасында жариялаған. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

«OK, Twitter- дегі биологтар, мұның не екенін жазыңыздаршы. Бұл Техас штатындағы Техас-Сити жағалауынан табылған мақұлық», - деп жазған ол.

Желі қолданушылары болса, бұл мақұлықты балықтың бір түріне жатқызуға болатынын жазуда.

12 қыркүйек күні AccuWeather метеорологиялық компаниясының президенті Джоэл Майерс «Харви« мен «Ирма« дауылы АҚШ экономикасына 290 миллиард доллар шығын келтірілгенін хабарлаған болатын.

Еске сала кетейік, Кариб теңізі мен АҚШ-та болған «Ирма» дауылынан қаза тапқандар саны 55-ке жетті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер