BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Гурбаноғлы Бердімұхамедов немересімен бірге рэп айтты

Түрікменстан президенті Гурбаноғлы Бердімұхамедов немересімен бірге рэп стиліндегі әнді шырқады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бердімұхамедов қазіргі уақытта Каспий теңізінің жағалауында демалуда. Ол «Спортты Түрікменстан» атты өлең жазған, ал немерісі Керимғұлы оны ағылшын тіліне аударып, әнін жазған.

Олар жаңа әндерін музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен рэп стилінде орындап шыққан. Әннің қайырмасын кезек-кезекпен орындаған, президент түрікмен тілінде айтса, немересі ағылшынша шырқаған. «Спортты Түрікменстан» әні күзде өтетін "Амуль-Хазар 2018" халықаралық автораллиге және түрікмен спортының жетістігі мен көркем табиғатына арналған.

Бұған дейін хабарланғандай, Гурбаноғлы Бердімұхамедов ралли автокөліктерін жеке өзі жинап, жобасын құрған. Тіптен оның мүмкіндігін сынақ жарысында да тексеріп көріпті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер