BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 431.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Қытайдың Гоюань портында жүктің бір тоннасы үшін бір тиын (мао) төленеді

Фото: Гүлжан Раманкулова

Қазақстаннан барған бір топ журналист Қытайдың ең ірі коммерциялық орталықтарының бірі болған – Чунцин қаласына барды. Мұнда автомобиль, теңіз және теміржол тасымалдарын жасау қызметін көрсететін ірі порт бар, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Қытай инвестицияны дамыту мемлекеттік корпорациясының «Гоюань порты» АҚ бас директорының орынбасары Сяо Цзинью чунциндік порттан шыққан тауарлар Қазақстанға дейін теміржол арқылы баратынын айтты.

Гүлжан Раманкулова

«2017 жылдың 27 желтоқсанында Қазақстанға дейін вагондарды жөнелттік. Сонымен қатар, Чунцин-Шанхай жедел шоссе арқылы да тасымал жасалады. Атап өтетін маңызды жайт – экономикалық зоналармен байланысты Янцзы өзені арқылы жасаймыз. Біздің портымыз су, теміржол және автомобиль тасымалдарын іске асырады. Янцзы арқылы тауар ішкі бағыттарға өте арзан бағамен тасымалданады – бір тонна үшін бір тиын (мао) төленеді», - деді порт бас директорының орынбасары Сяо Цзинью.

Оның айтуынша, былтыр порт арқылы 13 млн тонна жүк тасымалданған. 300 мың контейнер, оның 70 мың контейнері теміржол арқылы жіберілген. Чунциндік порттың басшылығы 2020 жылға дейін жүк тасымалының жалпы көлемін 30 млн тоннаға жеткізуді көздеп отыр.

Гүлжан Раманкулова

«Әрине, біз болашақта Жібек жолының «Бір жол, бір белдеу» экономикалық белдеуіне кіруді және халықаралық ынтымақтастықты дамытуды ойлаймыз. Ал «Қытай-Еуропа» бағытындағы тасымалдар міндетті түрде Қазақстан арқылы транзитпен жүзеге асады. Осылайша өткен жылы сіздің еліңіз арқылы 40мың контейнер жөнелтілді», - деді Сяо Цзинью.

Гүлжан Раманкулова

Одан әрі бас директордың орынбасары қазақстандық журналистерге Гоюань портына жақын жердегі Янцзы өзеніндегі экономикалық белдеуін таныстырды.

Ол теміржолдан бөлек, Шанхай бағыты бойынша автомобиль жолының бар екенін атап өтті.

«Бұрын бізде Америкаға не Еуропаға дейін бір жол болды. Қазір болса порт арқылы Жібек жолы теңізіне дейін кеңейтіп жатырмыз. Мысалға, Қазақстанға Үрімжі арқылы да жол бар. Бұл порт экономикалық белдеу және Жібек жолы үшін басты платформа болып есептеледі. Келешекте тәулігіне жүз мың тоннаға дейін жүк жөнелтуді жоспарлап отырмыз. Дәл қазір біз 2014 жылы премьер-министр және ӨХР төрағасы Си Цзиньпин болған орында тұрмыз. Бұл порт 2013 жылдың желтоқсанында ашылды. Өткен жылы 40 мың тонна жүк жүктелді. Порт Қытайдың экономикалық белдеуінің орталығы деп саналады және оны түгелдей мемлекет қаржыландырады», - деді спикер.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер