BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Givenchy сән үйінің негізін қалаған дизайнер дүниеден өтті

Францияның атақты сәнгері Юбер Джеймс Марсель Таффен де Живанши 91 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Живанши өзінің сәнгерлік ісін 25 жасында 1952 жылы бастаған. Содан кейін ол бірте-бірте өзінің сән үлгілерімен Францияға ғана емес, әлемге танылған.

Атақты дизайнер АҚШ президентінің әйелі болған Жаклин Кеннеди, киноактриса Одри Хепберн сияқты танымал тұлғалардың киімдерін өзі дайындаған.

1995 жылы ол сән үйіндегі жұмысын аяқтап, зейнетке шыққан. Қазіргі таңда Givenchy сән үйін британ дизайнері Клэр Уэйт Келлер басқарады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер