BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Германияда тотықұспен ұрсысқан ер адамның көршісі полиция шақыруға мәжбүр болды

Фото: nashiptichki.ru

Леррах қаласында ер адам қалыңдығының тотықұсымен ұрсысып, көршілер полиция қызметкерлерін шақыртуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі news.bigmir.net сайтына сілтеме жасап.

Құқық қорғау қызметкерлеріне хабарласқан қала тұрғыны көрші пәтердің қабырғасынан екі адамның ұрсысып жатқан дауысын естігенін, ер адам әлдекімге зорлық көрсетіп жатуы мүмкін екенін айтып шағымданған.

Полиция қызметкерлері шақырылған жерге келген кезде ешқандай қылмыстық іс жасалмағанына көз жеткізеді. Олар пәтер ішінде тотықұспен ұрсысып жүрген ер адамды көреді. Ер адам тотықұсқа дауыс көтеріп сөйлесе, тотықұс та оған дауыс көтеріп жауап қайтарған.

«Құқық қорғау қызметкерлері есіктің сыртында тұрып, үй ішіндегі ұрсысқан дауыстарды естіген. Олар ішке кірген кезде тотықұспен дауласып отырған ер адамды көрген. Ол қалыңдығының тотықұсының мінез-құлқы ұнамайтынын, сол үшін дауласып отырғанын айтқан. Тотықұс оның сөздеріне қатты дауыс көтерген», - делінген хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер