BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Ғалымдар ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты

Таза ауада жүру адамның денсаулығына жақсы әсер етіп, мезгілсіз өлімнің қаупін азайтады. Шығыс Англия университетінің ғалымдары осындай тұжырымдама жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

EurekAlert порталының жазуынша, мамандар 20 елден 290 миллионнан астам адам қатысқан 140-тан астам деректерге зерттеу жүргізген.

Университеттің қызметкерлері жасыл желекті аумақта көп жүретін адамдар мен таза ауаға көп шықпайтын адамдардың көрсеткіштерін салыстырған.

«Біз жасыл-желекті таза ауада жүретін адамдардың денсаулығы жақсы болатынын байқадық. Таза ауада көбірек жүру екінші типті диабеттің, жүрек-қан тамырлары ауруларының және мезгілсіз өлімге душар болу қаупін төмендетеді. Сондай-ақ, жақсы ұйықтауға әсер етеді», - делінген зерттеу жұмыстары жазбасында.

Сонымен қатар, ғалымдар таза ауада серуендеу стресс деңгейін төмендетіп, қан айналымына, жүректің соғуына және басқа денсаулыққа да жақсы әсер ететінін айтады.

«Жасыл-желекті аумаққа жақын тұратын адамдардың физикалық белсенділігі де артық болады. Сондай-ақ, табиғи аумақта кездесетін түрлі бактериялар адамның иммундық жүйесіне жақсы әсер етіп, аурулардың асқынуын төмендетеді», - дейді ғалымдар.

Мамандар айтып өткендей, таза ауада көбірек жүру кезінде биологиялық белсенді заттар – фитонцидтер денсаулыққа жақсы әсерін тигізіп, әртүрлі аурулардың дамуын тежейді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер