BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Ғалымдар селфи жасау кезінде көз жұмғандардың санын анықтады

Фото: news.bigmir.net

Үндістандағы ғалымдар соңғы алты жылда әлем бойынша 250-ден астам адам селфи жасау кезінде көз жұмғанын анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі interfax.ru сайтына сілтеме жасап.

Washington Post басылымы 2011жылдың қазан айы мен 2017 жылдың қараша айы аралығында әлем бойынша 259 адам селфи жасау кезінде көз жұмғаны туралы ақпарат жариялады.

Селфи жасауды ұнататындардың көбі суға батып, көлік қағып көз жұмады. Мысалы, селфи жасаушы пойыздың фонында немесе биіктікте тұрып суретке түсуді мақсат етіп, байқаусызда пойыз астына түсіп немесе биіктіктен аяғы тайып құлап кетеді.

Селфи жасап көз жұмғандар қатары Үндісатнда, Ресейде, АҚШ пен Пәкістанда көп.

Селфи жасау барысында қайтыс болғандардың 85%-ы 10-30 жас аралығындағы жас буын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер