Ғалымдар музыка дәрі әсерін күшейтетінін дәлелдеді - Әлем|17 Сәуір 2018, 22:14
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.22 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 413.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Ғалымдар музыка дәрі әсерін күшейтетінін дәлелдеді

Фото: FainaIdea.com

Музыка – ұлы күш. Ол тек мәдени мұра ғана емес, ол адам ағзасына да күшті ықпал етеді. Мұны әртүрлі зерттеулер дәлелдеп келеді. Солардың ең соңғысы музыка гипертонияға қарсы дәрілердің әсерін күшейтетінін дәлелдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі TengriMIX порталына сілтеме жасап.

Гипертония – тұрақты түрде қан қысымы жоғары болуы. Ол туа бітуі де мүмкін, уақыт өте келе түрлі күйзелістерден туындауы да мүмкін. Бразилияның Сан-Паулу мемлекеттік университетінің және Ұлыбританиядағы Оксфорд-Брукс университетінің ғалымдары гипертония симптомдары бар 37 адамның қатысуымен қызықты сынақ өткізді. Зерттеуге қатысушылардың барлығы алты айдан бір жылға дейін созылған емдеуден өтіп отырған.

Емделушілер күн сайын дәрі қабылдағаннан кейін музыка тыңдаған. Композициялар бір сағат бойы орындалып тұрған және дәл осы уақыт ішінде әрбір 20 минут сайын дәрігерлер емделушілердің қан қысымын тексеріп отырған.

Зерттеу ән тыңдаған уақытта жүрек соғысының жиілігі төмендегенін көрсеткен. Зерттеу басшысы Витор Энграсия Валенти музыкалық терапияның адамдардың қан қысымына оң ықпалы бұрыннан белгілі болғанын, алайда музыка дәрі әсеріне ықпал ету-етпеуі беймәлім болып келгенін айтты.

Сондықтан, сіздің қан қысымыңыз жоғары болса, дәрі қабылдаған соң музыка тыңдауға кеңес береміз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер