USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Ғалымдар миды құтыда өсіру әдісін тапты

Фото: pikabu.ru

Ресейлік ғалымдар жаңалық ашты. Олар адам миында есте сақтау қабілетіне жауап беретін нейрондарды құтыда өсіруді үйренген.

Әрине, алғашқы тәжірибе адамға жасалмаған. Биоматериалды тышқандардан алып, арнайы құтыларға салады. Ғалымдар оны платформа деп атайды. Нейрондар осы платформаларда өсіп, арнайы ортаның әсерімен дами бастаған.

Ғалымдар енді ғылымға белгісіз адам миының механизмдерін зерттеп, оны құтыда осы әдіспен өсіруді қолға алмақшы. Бұл бастама жадының ауытқуы мен Паркинсон дертін емдеуге көмектеседі деген үміт бар, деп жазады reactor.inform.kz.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады